Оның айтуынша, аталған мерзімде Ресейге 13 млн тоннаға жуық, Беларусь еліне – 697 мың тонна, Украинаға – 574 мың тонна, Қырғызстанға - 661 мың тонна, Өзбекстанға – 568 мың тонна, Қытайға 84 мың тонна көмір жөнелтілді. Еуропа елдеріне, соның ішінде Польша, Латвия, Финляндия, Скандинавия елдеріне шамамен 3,814 млн тонна жеткізілді.  


«Елімізде өндірілетін көмірдің 10% биржаға түссе, қалған 90 пайызы келісімшарт бойынша энергетика және өндіріс салаларына, коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке, халыққа т.б.  қажеттіліктерге пайдаланылады. Әкімшіліктердің биылғы мәліметтеріне сәйкес, жоспар бойынша биылғы қажеттілік 9,2 млн тоннаны құрайды, оның ішіне коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге 2,8 млн тонна, халыққа 6,4 млн тонна көлемінде көмір керек. Бұл жоспар әр облыс, өңір ұсынған қажеттілік көрсеткіштері бойынша құрылған. Қазіргі кезде көмірмен қамтамасыз ету бойынша, халыққа қажетті көмір өндіру 71,2% орындалды, ал коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге көмірдің 92,5% пайызы артылды. Кейбір өңірлер, Ақмола, ШҚО, Қарағанды облыстары, Шымкент қаласы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмірдің мөлшерін  толығымен орындады. Ақмола облысында халыққа қажетті көмір көлемі 662 мың тонна болса, ол толықтай орындалды. Басқа аймақтардың көрсеткіштері 70-96%. Келесі айдың ортасында жалпы қамтамасыз ету 100 пайызға жетеді деп ойлаймыз», - деді спикер.