Елімізде вакциналау паспорты egov платформасы негізінде беріледі, оны телефонға қосымшаны жүктеу арқылы алуға болады. Бірақ, көп адамдар вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін біз әлі де болса өзіміздің егу анықтамасын немесе сертификатын ала алмай жатырмыз деп айтады, бұған айтарым, вакциналау паспорты екпенің екінші дозасын алғаннан кейін ғана беріледі. Сертификат соңғы рет жеке куәлігіңізге түскен суретіңізбен, ағылшынша, орысша және мемлекеттік тілде ұсынылады», - деді А.Қуатбаева.

Оның айтуынша, вакциналау паспортын қолдану бойынша орнаған белгілі бір тәртіп жоқ – екпе жасатқаны туралы сертификат талап етілмейді. Ал егер басқа мемлекеттерде ондай талаптар қойылса, бұл мәселе жеке түрде шешілуі қажет.