Оның айтуынша, қазірді таңда есірткіні қолдану проблемасы Қазақстанда кеңінен таралып отыр. Синтетикалық препараттар арзан және қолжетімді. Олар жастар үшін қолжетімді. 2023 жылы есірткі қолданған 4461 адам тіркелсе, оның 30-ы – кәмелетке толмағандар. 2022 жылы олардың саны 26 болды. Кәмелетке толмағандардың есірткі падалануының негізгі факторлары анықталды. 

«Бірінші – білімнің жетіспеушілігі. Кәмелетке толмағандар есірткінің ағзаға толық әсері, олардың денсаулыққа зиянын, өмірге тигізетін зардаптардың түсінбеуі. Екінші – әлеуметтік орта, яғни достары мен жақындары. Есірткімен айналысатын кәмелетке толмағандар оларға қосылу үшін қысым мен  әсерге ұшырауы мүмкін. Үшінші – экономикалық мәселе. Қиын қаржылық жағдайда өмір сүретін кәмелетке толмағандар есірткі сатуды ақша табу тәсілі ретінде қарастыруы мүмкін. Төртінші – қадағалаудың болмауы. Кәмелетке толмағандар ата-анасының қарауынсыз қалуы мүмкін. Бұл олардың есірткі сату сияқты заңсыз әрекеттермен айналысуын арттыру болып отыр», – деді спикер.

Министрлік кәмелетке толмаған жасөспірімдермен профилактикалық жұмыстар ұйымдастыруда . 

«Біріншіден,  бұл бағыттағы қадамдардың бірі балалардың әл-ауқаты индексін қабылдау болды. Оған 15 пен 17 жас аралығындағы балалар арасында психоактивті заттарды қолдануымен байланысты психикалық мінез - құлық бұзылыстары мен сырқаттанушылық көрсеткіштері енгізілді. Екіншіден, білім беру ұйымдарында  есірткі құралдарының таралуына жол бермеу шараларының бірі ретінде білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында пайдалануға шектелген енгізуге тыйым салынған заттар тізбесі бекітілді. Үшіншіден, орта білім беру ұйымдарында психологиялық  қызмет жұмыстарының қағидалары  қабылданды. Олардың мақсаты кәмелетке толмағандар арасында қиындықтарды анықтауға баса назар аудару болып табылады.  Төртіншіден, салауатты өмір салты, жаһандық құзіреттілік, пәндер компоненттерінің үлгілі оқу бағдарламаларына кірікірілді», – деді Меруерт Медетбекова.