«Жаңа жеткізушілерден 209 өтінім келіп түсті. Өңірлік комиссия мүшелері сатып алу рәсімдерін өткізу барысында олардың ішіндегі  117 денсаулық сақтау субъектісіне барды.  39 өтінім бойынша комиссиялар теріс қорытындылар қабылдады», – деп атап өтті спикер.

Республикалық және өңірлік комиссиялардың ТМККК және МӘМС қызметтерінің көлемін орналастыру қорытындылары жайындағы хаттамаларына негізделген 2024 жылдың сатып алу қорытындыларына сәйкес, мемлекеттік меншік нысанындағы өнім жеткізушілерінің саны 685 медициналық ұйымды құрады, бұл жалпы санның 35,7%-ын құрайды. Тағы 1214 өнім жеткізуші – жеке меншік нысанында. Олар барлық ұйымның 64,3%-ын құрайды. Қалған 22 өнім жеткізуші квазимемлекеттік секторда қызмет етеді. Осылайша, 2024 жылы жеткізушілердің жалпы саны 1921-ге тең.  Былтырмен салыстырғанда олардың саны 56-ға азайды.

Жалпы, 2024 жылға бөлінетін сома 2,4 трлн теңге шамасында. Бұл ретте амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз етуді есепке алмағанда, биыл халық үшін медициналық қызметтерді сатып алуға арналған жалпы бюджет көлемі 2,6 трлн теңгені құрайды. 

«Осылайша МӘМС клиникалардың пациенттер үшін бәсекелестігін ынталандырады. Науқас қандай да бір медициналық қызметті алу үшін қайда баратынын өзі таңдайды. Осы орайда медициналық ұйымдар неғұрлым тартымды болу үшін жақсы жағдай жасап, қызметті жетілдіруі керек», – деп түйіндеді ӘМСҚ өкілі.

Қор жеткізушілерінің тізімін fms.kz порталында «Медициналық қызметтерді сатып алу» бөлімдерінен табуға болады.