Қазіргі таңда Ұлттық спорт бойынша 1 488 жаттықтырушы жұмыс істейді, оның ішінде 928 бапкер ауылдық жерлерде еңбек етеді.

Елімізде жыл сайын қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, бәйге, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек сияқты ресми түрде Ұлттық спорт түрлерінің тізіміне енген спорт түрлері бойынша түрлі деңгейдегі (халықаралық деңгейден ауылдық деңгейге дейін) мыңнан астам жарыс өткізіліп келеді.

Бүгінде республикада 12 спорт клубы және Ұлттық спорт түрлері бойынша 13 спорт мектебі бар. Сонымен қатар республикалық деңгейдегі ұлттық құрама командаларының спортшыларын даярлайтын Ұлттық және Ат спорты орталығы және ұлттық спорт түрлері бойынша 10 федерацияның басын қосатын қауымдастық жұмыс істейді. Сондай-ақ Қазақ күресі және Жекпе-жек федерациясы бар.