Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ілияұлы Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды.