Наурыз мейрамы қарсаңында мерекелік дастархан дәмді, бірақ зиянды, майлы және қорытылуы қиын тағамдарға толы болады.

Мерекеге дайындалып, адамдар дастархан жаю үшін азық-түлікті көптеп сатып алады. Оларды дүкендерден, базарлардан сатып алған кезде тауардың жарамдылық мерзіміне, оның түріне, иісіне, сақтау жағдайларына, тауарлық көршілестігіне, объектінің санитарлық жағдайына назар аударыңыз.

Сауда жасауға рұқсат етілмеген жерлердегі кездейсоқ адамдардан азық-түлік тауарларларын сатып алмаңыз! Сонымен қатар, тағамнан уланудың пайда болу қаупі туралы айта кету керек. Олардың пайда болуының себептері: дайын тағамдар, негізінен майонез немесе қаймақ қосылған көп компонентті салаттар, крем қосылған кондитерлік өнімдер, шабылған еттен жасалған тағамдар, холодец, консервіленген қысқы салаттар, маринадталған қиярлар, үйде жасалған қызанақтар, сондай-ақ шала жуылған жеміс-жидек, жаңа піскен көкөністер, өйткені оларда ішек инфекциялары қоздырғыштарының қалуы мүмкін.

Тағамнан уланудан және инфекциялық аурулардан сақтану үшін мынадай қағидаларды есте ұстау керек:

  • қаншалықты дәмді және арзан болса да, дайын тағамдарды сатып алмауға тырысыңыз. Егер де сіз оларды сатып аламын деп шешсеңіз, онда олардың жарамдылық мерзімі мен сақтау жағдайларын тексеріңіз;
  • мерекелік тағамдарды үйде дайындаған кезде, ең алдымен қолыңыздың, жабдықтардың, ас үй жабдықтарының, үй-жайдың таза болуына көңіл бөліңіз;
  • шикі азық-түлік пен дайын тағамды бөлек сақтаңыз, оларды өңдеу үшін бөлек пышақтарды және турайтын тақтайларды қолданыңыз;
  • жаңадан дайындалған тағамды алдыңғы күннен қалған тағам қалдықтарымен араластырмаңыз;
  • егер дайын тағам келесі күнге қалатын болса, онда оны пайдаланудың алдында термиялық өңдеуден өткізген (қайнатқан немесе қуырған) дұрыс, алайда мұны істемеген жөн;
  • етті, құс етін, жұмыртқаларды, теңіз өнімдерін және мерекелік дастарханға арналған басқа да ингредиенттерді қуырғанда, қайнатқанда дұрыс температуралық режим мен дайындау уақытын сақтаған өте маңызды – термиялық өңдеудің зиянды микробтарды «өлтіретіні» белгілі;
  • тағамның күдік туғызатын кез келген түрін тастаған дұрыс.
  • Мереке күндерінде жаппай улану оқиғаларының жартысынан көбі – адамдар қалған тағамдарды тастауға қимайтындығынан, біртіндеп тамаққа пайдаланып, оларды көп сақтайтындығынан болады.

Дене қызуының көтерілуі, тәбеттің жоғалуы, сұйық нәжіс, лоқсу, құсу, сондай-ақ орталық жүйке жүйесі жұмысындағы жекелеген бұзылулар немесе жүйке жүйесінің ботулизм кезінде жиі байқалатын толық жұмыс істемеуі сияқты тағамнан улану белгілері пайда болған кезде шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну керек.

Мұндай қарапайым профилактикалық шараларды орындау денсаулығыңызды сақтауға, сондай-ақ мейрамды жақсы өткізуге септігін тигізеді.