ТЖ жоюға барлық күштер жұмылдырылды.

«Осы шаралардың арқасында 764 адам үйлеріне қайтты. Эвакуацияланған адамдардың мыңға жуығы эвакопунктерде, қалғандары туыстарының үйлеріне орналастырылған. Жергілікті атқарушы органдар, еріктілер, Ұлттық ұлан, жеке ұйымдардан қосылған, ТЖМ күштері мен құралдары, Қарулы күштерден тартылған күштер аудандарда және облыста жұмыс атқарып жатыр», – деді спикер. 

754 мыңнан астам текше метр су сорылып, бөгеттер нығайылды. Су басқан үйлерден суды соруға арналған жаңа қуаттылығы жоғары техника іске қосылады.