Петропавл мен Қызылжар ауданынан көшірілген адамдар эвакопунктерге орналастырылды. Қаладағы университет пен 4 колледждің жатақханалары эвакопункт ретінде жұмыс істейді. 

«700-ден астам адам өз үйлеріне қайтты. Олардың 200-і – балалар. Қазіргі сәтте 13 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Жұмылдырылған күштер түрлі шаралар ұйымдастырып жатыр. Халықты, жануарларды құтқару бойынша шаралар қолданылып жатыр. Су тасқынының екінші толқынын қарсы алуға түрлі шаралар атқарылып жатыр»,-деді спикер.