«Қазіргі уақытта зардап шеккендер уақытша тұрғын үйге көшіріліп жатыр», - деп хабарлады ОКҚ алаңында өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев.

Оның айтуынша, 15 сәуірден бастап су қайта көтеріліп келеді. 

«Екінші толқын кезінде Сергеев су қоймасына аққан су 310-340 см болады деп күтілуде. 18 сағат ішінде ол 327 см құрады. Петропавл қаласының маңында су деңгейі төмендеді - 12 сағатта 1303 см азайды. Бұл максималды деңгейден минус 55 см. Сәуір айының соңына дейін екінші толқын өтеді, су басқан үйлер саны артпайды деп күтілуде», - деді спикер. 

Облысқа ел өңірлерінен, сондай-ақ Омбы қаласынан 576 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.