«Электр қуатын беру және су айдау жұмыстары жалғасуда. Қоғамдық көлік қозғалысы да жаңғыртылды. 12 бағыт бойынша 55 автобус жүреді. Бір реттік төлемдерге өтініштер қабылдау басталды. Теңіз вахталық кентіне эвакуацияланған тұрғындар өтінішті сол жерден бере алады», - деді спикер ОКҚ брифингінде.

Жалпы Жем өзенінің су деңгейінің 20 см-ге төмендеуі байқалады. 

Жайық өзеніндегі су тасқынына дайындық аясында жоспарланған 223 шақырым бөгеттің 123 шақырымы жасалды. Жағалауды нығайту жұмыстарына 935 бірлік техника, түрлі ұйымның 2,5 мың қызметкері және 3,5 мыңнан астам еріктілер жұмылдырылды. 

«Қазіргі уақытта жиналған гуманитарлық көмектің 80% - ы Жылыой ауданына жіберіліп жатыр»,- деді Руслан Жұмағазиев.