Атап айтқанда, ҰАҒБО жетекшілік ететін аграрлық жоғары оқу орындары процестерді цифрландыру, ауыл шаруашылығы саласында ақпаратты жинау мен беруді автоматтандыру бойынша оқытудың жаңа жүйесін әзірледі. Ол қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалануды көздейді және жаһандық ақпараттық-білім беру процесімен интеграциялауға бағытталған.

Сонымен қатар, АӨК-те цифрлық технологияларды дамыту үшін аграрлық ЖОО-лар «Биоинформатика және биотехнология», «Цифрлық агрожүйе», «Агроинформатика» бойынша білім беру бағдарламаларын әзірледі.

Бұл білім беру бағдарламалары шетелдік тәжірибені ескере отырып және «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ мамандары мен ғалымдарын, сондай-ақ IT саласындағы жұмыс берушілерді тарта отырып әзірленді.

Бұдан басқа, Үкімет қаулысына сәйкес жоғарыда көрсетілген білім беру бағдарламалары бойынша аграрлық ЖОО-лар үшін гранттар бөлуді көздейді.

Аталған білім беру бағдарламалары бойынша талапкерлерді қабылдауды осы оқу жылында бастау жоспарланып отыр.