Оның айтуынша, «Адам құқықтары уәкілі туралы» бірінші заң былтыр 26 желтоқсанда қабылданды. 


«Қазір құжат жоғары конституциялық деңгейге көтерілді. Адам құқықтары уәкілі мемлекеттік органдардан және басқа лауазымды тұлғалардан тәуелсіз болады. Заңда адам құқықтары уәкілінің функциялары көрсетілген. Енді ол адамдардың арызын қараумен ғана емес, осы арыздар заңның негізгі нормаларына, заңды практикада тиімді қолданбауға, бұзушылықтарға байланысты болса, сотқа арыз берумен де айналысады. Конституцияға сәйкес, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституциялық сотқа жүгініп, адамдардың құқықтарын қорғау құқығына ие болады. Бұл тәжірибе халықаралық деңгейде оң нәтижесін көрсетті. Қазіргі кезде мемлекеттердің көбі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесін көтеріп, тек қана мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен бірге сот арқылы адам құқықтарын қорғауға мүмкіндік беріліп отыр»,  - деді Әзімова.