Жылы күндер басталды, демек, көптеген адамдар табиғат аясында демалу үшін салқын су қоймаларында уақыт өткізгісі келеді.  Алайда   қажетті ережелерді сақтамаған жағдайда, қауіп төнуі мүмкін екенін естен шығармау қажет. Мысалы,  әрекеттері өте белсенді балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Естеріңізде болсын: таулы өзендерде шомылуға қатаң тыйым салынады,  себебі тау өзені ағысының қуаты оның бастауынан  алыстаған сайын үдей түседі. Тау өзендерінің суы өте суық: температура +4 C-тан +7 C-қа дейін өзгереді, тіпті таяз жерінде де су жылымайды. Ағыс жылдамдығы 10 м/с-қа дейін жетеді. Ағыстың жылдамдығы бұндай болған кезде тау ағыны тізеге дейін келетін тереңдіктің өзінде  адамды әп сәтте қағып кетуі мүмкін.  Тау өзендерінің түбі әдетте жылжымалы шиыршық ұсақ тасты болып келеді. Шомылуға тыйым салынған су айдындарынан аулақ болу қажет.

Осыған байланысты РЖҚЖ құтқарушылары су айдындарындағы адамдардың көп шоғырланатын демалыс орындарын күнделікті патрульдейді. Сондай-ақ, қызметкерлер демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді: су айдындарындағы, әсіресе тау өзендеріндегі жүріс-тұрыс ережелері туралы айтады, судағы қауіпсіздік туралы брошюралар мен жаднамалар таратады.