Орындалды:
• 2021 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында еліміздің 7 өңірінде қонақ үй ашу және жұмысын жүргізу бойынша үш күндік 12 тренинг өткізілді;
• 2022 жылдың I тоқсанында туристерді орналастыратын орындар саны 3 756-ға дейін өсті. Онда демалушыларды бір уақытта шамамен 200 мың төсек-орынға жайғастыруға болады;
• Түркістанда «Керуен сарай» кешені, Ақтауда Tetysblu тақырыптық саябағы, Алматыда Swissotel және HolidayInnExpress сияқты маңызды жобалар іске қосылды.