Қол қою рәсіміне қатысқандар: ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Азияда бизнесті дамыту бойынша «Total Еren S.A.» вице-президенті Антуан Гарэ, Қазақстандағы «TotalEnergies» Бас директоры Ахлем Фрига-Ной.

Қол қойылған құжат энергияны жинақтау жүйесін пайдалана отырып, жалпы қуаты 1ГВт жел электр станцияларын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған.

Объекті Жамбыл облысындағы Мирный ауылына жақын орналасатын болады. Жобаның құрылысын кезең-кезеңмен жүргізу жоспарланып отыр және жоба 2024 жылдан бастап 2026 жылды қоса алған кезеңде толық аяқталады деп күтілуде.

Аталған жобаны іске асыру Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, қосымша инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ «жасыл» электр энергиясын генерациялауды ұлғайтуға мүмкіндік береді.