ОРЫНДАЛДЫ:
✅ Су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы аясында
2021-2023 жылдарға 2021 жылы іске асыру жоспарланған 68 іс-шараның 33-і және аяқталу мерзімі 2022-2023 жылдарға жоспарланған мерзімнен бұрын 4-і орындалды;

✅ 2021 жылы қабылданған шаралар 158 елді мекенде су тасқынынан қауіпсіздік деңгейін арттырды, бұл 340 елді мекенді су басу қаупін жоюға және су тасқыны көріністерінің әсеріне ұшыраған 1010 елді мекеннің 385-ін азайтуға мүмкіндік берді;

✅ Елді мекендер мен жолдарды қорғау үшін биыл салынған 5,7 км дамба және 15 км уақытша дамба, 43,3 км дамба және елді мекендердің айналасындағы 59,4 км вал жөнделді. 4 828 км.каналдар мен 7 421 км. арықтар, 25 541 автомобиль және 4 192 теміржол су өткізу құрылыстары тазартылды. 259 мың тонна инертті материалдар және 908,2 мың қаптар дайындалды;

✅ Өңірлер аумағында ЖАО мен ТЖМ күштерімен барлығы 2 184 мың м3 еріген қар суын сору бойынша жұмыстар жүргізілді, уақытша бөгеттерге инертті материалдары бар 118 055 қап төселді;

✅ Су тасқыны салдарын жоюға барлығы ТЖМ, ІІМ, ЖАО, үкіметтік емес ұйымдардың 2 285 адам, 778 бірлік техника, 350 су сору құралдары және 18 жүзу құралдары жұмылдырылды;

✅ Су тасқыны кезінде Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды және Павлодар облыстарында адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында жұмылдырылған күштер мен құралдар арқылы 1 595 адам эвакуацияланды.