04.09.2023 _ 16:26

«The Jerusalem Post»: Біз кеш болмай тұрғанда барлық ядролық қарудан құтылуымыз керек - пікір

Әлемнің қауіп-қатерлер тарихына көз жүгіртсек, оның ядролық апатқа ондаған жылдар бойы қаншалықты жақын болғанын көреміз. Ядролық қарудың жасанды қаупін жоятын уақыт келді. ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың айтуынша, бұл қару климаттық дағдарыс сияқты экзистенциалды қауіп төндіретініне қарамастан, қоғамдық пікірталастарда ядролық қауіп жиі кейінге қалдырылатын. Дипломаттың пікірі «The Jerusalem Post» мақаласында келтірілген.

Ядролық қару қаупін қалай жоя аламыз?

Біріншіден, халықаралық қауымдастық ядролық қауіп-қатерді «қалыпқа келтірудің» кез келген әрекетіне қарсы тұруы керек. Ол шектеулі ядролық соққы жасауға болады дегендермен күресуге тиіс.

Екіншіден, қару-жарақты бақылау және ядролық арсеналдарды одан әрі қысқарту жөніндегі келіссөздерді қайта бастау қажет.

Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен бірге Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құрды. Бұл процес әлемнің басқа аймақтарында да қолданылуы мүмкін.

Толығырақ сілтеме бойынша: https://m.jpost.com/opinion/article-756111