28.08.2023 _ 11:49

EUReporter: Қазақстанда саяси реформалар жалғасуда

30 тамызда Қазақстанда Конституция күні аталып өтіледі. Бұл күні елімізде 1995 жылы Қазақстанның Конституциясын қабылдауға орайластырылған мерекелік іс-шаралар, концерттер мен көрмелер ұйымдастырылады. 28 жыл бұрын референдумда қабылданған демократиялық, зайырлы мемлекет құру туралы шешім тағдыршешті болды. Бостандық, теңдік және келісім идеалдары сол кезде жарияланды. Алайда Негізгі құжатқа бес рет түзетулер енгізілді, соңғысы 2022 жылы қабылданды, деп жазады саяси редактор Ник Пауэлл. Сарапшының пікірі EUReporter сайтында жарияланды.

«2022 жылдың қаңтар айында отын бағасына байланысты басталған наразылық шаралары заңсыздық пен зорлық-зомбылыққа ұласты. Бұл Қазақстан үшін қайғылы жағдай. Алайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қақтығысты ұйымдастырушылар күткендей, демократиялық реформаларды тоқтатпай, оларды жеделдетуге ден қойды.

Екі жылға жуық уақыт өткен соң Қазақстанда Президент пен Үкімет бастаған саяси реформалар жүзеге асырылып, қоғамға баса назар аудара отырып, нағыз демократиялық институттар құру жұмыстары жалғасуда. Жақында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осы екі жыл ішінде Президенттік саяси реформалар аясында Қазақстан азаматтары қалаларда, ауылдарда және басқа да елді мекендерде 1668 әкімді (жергілікті билік органдарының басшыларын) сайлағанын атап өтті», – деп жазады Ник Пауэлл.

Толығырақ мына сілтеме бойынша оқыңыз: https://www.eureporter.co/kazakhstan-2/2023/08/28/political-reforms-continue-in-kazakhstan/