Оның айтуынша, биыл елге 10,2 млн шетелдік азамат келді. 9,9 млн шетелдік шыққан. Олардың басым бөлігі - ТМД елдерінің азаматтары. Елімізде 196 мың шетелдік тұрақты тұрады. Шетелдіктердің көбі Алматы мен Астана қалаларында және Алматы облысында орналасқан. Олардың 42 мыңы – қандастар.
«Жыл басынан бері жарты миллионға жуық шетелдік уақытша тұруға рұқсат алған бізден, оның 90%-ы еңбек мақсаттарымен. Ішкі істер министрлігімен көші-қон бақылауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр. Жалпы, шетелдіктердің көбі заң талаптарын бұзбай жүр. Бірақ арасында заң бұзушылар да бар. Биыл ІІМ органдарымен 63 мыңнан астам шетелдік азаматтар әкімшілік жаупкершілікке тартылды. Оларға 1 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. 11мың шетелдіктің уақытша тұру мерзімдері қысқартылды, олардың елден шығуы қамтамасыз етілді. Заңдарды қасақана бұзғаны үшін 7 700 шетелдік азаматтар еліміздің аумағынан тыс шығарылып жіберілді», – деп хабарлады спикер.
Одан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарқаны үшін 2 500 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктерді жұмысқа бірнеше рет заңсыз тарқаны үшін 7 жұмыс беруші қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Заңсыз көші қонды ұйымдастырғаны үшін полиция 46 қылмыстық іс қозғады.