Біріншісі - соттан тыс банкроттық рәсімі. 

«Оған азаматтар келесі шарттар бойынша өтініш бере алады: банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 4,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса; ресми кірісі жоқ немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыс – 36018 теңге. Бұл жағдайда борышкердің мүлкі болмауы керек және қарыздар бойынша банкпен есеп айырысу рәсімін жүргізу қажет. Соттан тыс банкроттық тек банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін. Айта кетейік, қазір барлық қарыз адамдардың 96% осы санатқа жатқызылуы мүмкін. Себебі, азаматтардың көбі кепілсіз кредит алған», - деді спикер.


Ведомство өкілі соттан тыс банкроттықты қолдану сәтінен туындайтын салдарға да тоқталып өтті. 

«Борыштық міндеттемелердің мерзімі өткен болып саналады; тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және сыйақыны есептеуді тоқтату; берешекті өндіріп алу туралы сот шешімдерінің орындалуы тоқтатылды; борышкерге несие алу, кепілдіктер беру бойынша мәмілелерді жасауға тыйым салу. Осы процедураны тез арада өткізу үшін цифрлық форматта жұмыс істеу көзделген. Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында жүзеге асырылады. Барлық азаматтар сайт арқылы арыз береді. Мемлекеттік органдар сараптама жұмысын жүргізеді, қорытындысын дайындайды. Соңғы шешімді өкілетті орган Мемлекеттік кірістер комитеті қабылдайды», - деді Біржанов.