Спикер статистикалық мәліметтерге тоқталды.

«Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 1,4 млн адамның жалпы сомасы 1 450 млрд теңгені құрайтын 90 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар. Осы санаттағы азаматтардың жағдайын жақсарту үшін заңнама әзірленді. Бес жылдан астам қарыздарына қызмет көрсете алмайтын тұлғалардың саны 504 млрд теңге сомасында 365 мың адамды (бұл 28%) құрайды. Жоғарыда келтірілген статистикалық мәліметтер халықтың проблемалық қарыздарын заңнамалық реттеу қажеттілігін көрсетті. Заңнама мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс тобын құру арқылы жасалды. Оны әзірлеу барысында өзге елдердің тәжірибесі қаралып, халыққа пайдасы тиетін, ауыртпашылық түсірмейтін оң тұстары ескерілді. Қазіргі кезде құжат Мәжілістің қарауына жіберілді», - деді Біржанов.