«Дайындық жақсы жүріп жатыр. Ән жазылуда. Бір айдың ішінде ол әнге клип түсіреміз. Әрине, толқу да бар, өйткені маған үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бірақ, мен бірінші кезекте барлық көрермендердің, сондай-ақ маған сеніп артып, мені балалар Евровидениесінде Қазақстанның намысын қорғауға лайық деп санаған тұлғалардың үмітін ақтаймын деп ойлаймын. Менің ұлтым армян, бірақ жаным қазақ. Әрине, мен барлық қазақтардың қолдауын күтемін!»,- деді жас талант.