«Ел аумағының 5% - дан астамын алып жатқан өңір әлемдік нарықта жоғары бағаланатын, Қазақстанда өсірілетін астықтың төрттен бір бөлігін өндіреді, бұл бізге жыл сайын 2 млн тоннадан астам астықты алыс және жақын 30 елге экспорттауға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың егіс науқаны барлық жоспарланған алаңда оңтайлы агротехникалық мерзімде аяқталды. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды егу 4,5 млн га алаңда, майлы дақылдар – 227 мың га, жемшөп дақылдары – 190 мың га алаңда жүргізілді, картоп 21 мың га алаңда, көкөніс егу аумағы 1 мыңға га арттырылып, 3,5 мың га алқапта отырғызылды», - деп мәлімдеді аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 


Суармалы жер көлемін 30 мың гектарға дейін кеңейту жұмыстары жалғасуда. 70 млрд теңге көлеміндегі мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста агроөнеркәсіптік кешен саласы көрсеткіштерінің өсуі байқалды. 2021 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 96 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 14% - ға жоғары. Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіш.