Махамбет Досмұхамбетов бағаның реттелуін қадағаланып отырғанын айтты. Осы мақсатта 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. «ИДЕАЛ» сауда желісімен, айналым қорымен 500 млн теңгеге шарт жасалды. Яғни, олар базардан 10-15%-ға төмен ет-сүт өнімдерін, нан, күнбағыс майы, сары май сатады. 36 сауда нүктесінде мұндай сауда жүргізіледі. 


«Егер көкөністер туралы айтатын болсақ. Біз тұрақтандыру қорын құрдық, ол күзде жүктелді. 350 тонна картоп. Сақтау мерзімі - 6 ай. Сәуір айына дейін реттедік, яғни бағаның өсуіне жол берілген жоқ. Қазір маусымаралық кезең. Картоп, сәбіз бағасы өсті. Қазір Ресей Федерациясының оңтүстік аймақтарынан, көрші облыстарынан картоп әкелу шаралары қабылдануда. Бүгінгі таңда картоп арзандады. Егер бір апта бұрын бөлшек саудадағы бағасы шамамен 400 теңге болса, қазір шамамен 310 теңге. Сәбіздің де бағасы төмендейді деп күтілуде, жаңа піскен өнімдер жеткізіледі. Маусым айының соңында-шілде айының басында біз өз өнімімізді күтеміз. Кейбір шаруашылықтармен төмен бағамен жеткізу туралы келісімдер бар. Ол үшін 200 млн теңге айналым қаражаты бөлінді. Яғни, біз реттеу бойынша жұмыстарды жүргіземіз, бірақ маусымаралықта қиын. Біз өзімізді тек 44% картоппен қамтамасыз етеміз, бізде егетін және өзімізді толықтай қамтамасыз ететін жерлер жоқ. Өкінішке орай, табиғи-климаттық жағдайларға, өндіріс мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты көптеген өнімдер Атыраудан әкелінеді. Сондықтан, бағалар барлық жерде өскен кезде, біз оларды төмендете алмаймыз. Олай істесек, сауда құлдырайды», - деп жауап берді әкім.