Кешенді жоспар аясында алдағы 5 жылда 9,5 трлн теңге сомасына 198 іс-шараны іске асыру жоспарланып отыр. Қаражаттың 90% - ы немесе 8,7 трлн теңгесі - жеке инвестициялар. Бұдан басқа, республикалық бюджеттен 671 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 108 млрд теңгеден астам қаражат өңір экономикасын одан әрі дамытуға және әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға жұмсалады. Өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алдағы перспективалар жайлы баяндады. 
Махамбет Досмұхамбетов мұнай өндіру 28% - ға, 2025 жылға қарай 60 млн тоннаға дейін ұлғайтылатын жеткізді. Мұндай көрсеткіштерге мұнай өндіру көлемін жылына 12 млн тоннаға арттыруға есептелген Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасын және Қашаған кен орнындағы іс-шаралар кешенін, оған қоса жылына 2 млн тонна мұнай іске асыру есебінен қол жеткізілмек. 


«Мұнай-газ химиясы саласын дамыту мақсатында «ҰИМТ» АЭА аумағында жалпы сомасы 6,1 трлн теңгеге 4 жаңа жоба іске асырылмақ. Бұл «KPI» ЖШС полипропилен өндіру жөніндегі жоба, оның құрылысын аяқтау ағымдағы жылдың соңына жоспарланған. Полиэтилен, бутадиен каучуктерін өндіру бойынша қарастырылған жобалар, метанол және олефиндер өндіру, терефталь қышқылы мен полиэтелентерефталат өндіру жөніндегі зауыттар салу. Кәсіпкерлік саласында жоспарда көзделген шараларды іске асыру 5 мыңнан астам жаңа ШОБ субъектісін және 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, олардың ЖӨӨ-дегі үлесін 25% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 11% - ға, 19,6 млрд теңге сомасына 23 инвестициялық жобаны іске асыру есебінен 96 млрд теңгеге дейін өседі. 14 арнаны күрделі жөндеу нәтижесінде суару-суландыру жүйелерінің жағдайы жақсарады», - деді өңір басшысы. 


Сонымен қатар, онда балық өнімдерінің экспортын ұлғайту, ал 2025 жылға қарай жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 95% - ға дейін жеткізу көзделген. 


«Экологияны жақсарту және атмосфераға шығарындылар көлемін 12% - ға төмендету аясында «Сасық сай» және «Квадрат» сарқынды сулардың булану алаңдарын қалпына келтіру, оң жағалаудағы КТҚ қайта жаңарту, екі ҚТҚ полигонын, қоқыс өңдеу зауытын салу және Атырауда жұмыс істеп тұрған полигонды қалпына келтіру көзделген. 147 млрд теңге сомасына 9 жобаны іске асыру есебінен тұщы су тапшылығы мәселесі шешілетін болады. Атап айтқанда, Атырау қаласында фильтр станциялары мен су тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау, топтық және магистральдық су құбырларын, оның ішінде «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын салу және реконструкциялау, ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жөніндегі іс-шаралар көзделген», - деп атап өтті әкім. 


Денсаулық сақтау саласында да жоспарлар көп. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және жарақтандыру деңгейін арттыру, облыс тұрғындарын медициналық қызметтермен қамтуды, жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту, онкологиялық науқастарды емдеуге арналған облыстық көп бейінді аурухана мен радиологиялық корпусты қоса алғанда, 16 медициналық нысан салу есебінен өлімді азайту жоспарланған. 


Үш ауысымды оқыту мәселесі шешіледі, 37 мектеп, спорт мектеп-интернаты және 4 спорт кешені салынады. 


Осы жобалардың арқасында 42 мың адам тұрақты табыс таба алады.