Оның айтуынша, инфекциялық төсектердің жүктемесі 16%-ды құрайды. Ем алып жатқан науқастар саны – 337.  


«Өңірде 12 стационарда 2 096 науқасқа инфекциялық төсек-орын жасақталған. Оның 81-і реанимациялық орын. Қосымша 750 резервтік төсек дайындалды. Ақпаннан бері өңірге 111 200 доза вакцина жеткізілді. Облыс бойынша барлық талаптарға сай келетін вакцинация салатын 41 екпе пункті ашылды. Бүгінде 69 304 адам вакцинаның I компонентін, 27 569-і II компонентін алды», - деді М.Досмұхамедов. 


Сонымен қатар, өңірге қазіргі кезде 311 субъект «Ashyq» қосымшасын пайдаланып, QR-кодпен жұмыс істеуде.