«Біріншіден, заң тікелей журналистік қоғамдастықпен және жекелеген мүдделі сарапшылармен талқыланатын болады. Жалпы, ұғымдық аппарат жаңартылады, мұнда бүгінде құқықтық мәртебесі жоқ «блогер», «әлеуметтік желілер» сияқты жаңа ұғымдар пайда болады. Сондай-ақ, журналистер мәртебесіне, олардың құқықтары мен міндеттеріне назар аударылады. Іс жүзінде бұл мәселелердің барлығын көпшілікпен талқылайтын боламыз. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Қазір біз заң жобасының барлық нақты тармақтары мен баптары бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - деді ведомство басшысы.


Заң жобасына кіретін журналистер үшін жаңа мүмкіндіктер мен артықшылықтарға келетін болсақ, министрлік халықаралық тәжірибені, ведомство атына жекелеген ұйымдардан келіп түсетін ұсыныстарды зерделеуде. «Әрине, олар болады», - деп сендірді А.Балаева.