Сапар барысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын дамытуға жауапты мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Иранның Ауыл шаруашылығы және жиһад министрлігімен кездесу аясында өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымы талқыланды. Атап айтқанда, тарифтік және тарифтік емес кедергілерді алып тастау, қазақстандық тауарлардың Иран аумағы арқылы транзиті, «Өзен-Берекет-Горган» темір жол тармағының мүмкіндіктерін пайдалану, сондай-ақ екі мемлекет басшылары қойған өзара тауар айналымын 3 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу жөніндегі міндеттерді іске асыру мәселелері көтерілді.

Trade Promotion Iganization of Iran басшылығымен келіссөздерде ұн, арпа және басқа да азық-түлік тауарлары сияқты өнімдерге қажеттіліктері бар ирандық компаниялардың сұраныстары бойынша нақты өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, сапар барысында Иранның сауда-өнеркәсіп палатасы базасында Иран бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Мұнда логистика, ауыл шаруашылығы және машина жасау салаларында 30-ға жуық ирандық компания жиналды. Ирандық кәсіпкерлер Қазақстанмен, оның ішінде қазақстандық жүктердің транзиті бөлігінде сауда ынтымақтастығын нығайтуға үміт білдірді.

Нұрлан Құлбатыров атап өткендей, Қазақстан мен Иранның алдында өзара сауданы ұлғайтуда нақты міндеттер тұр, ал қазақстандық тарап тиісті серіктестерді іздеуде қажетті көмек көрсетуге дайын.