Бұл келісім:

- БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Оман жеткізушілерінің тізіліміне қосу рәсімін айтарлықтай жеделдетуге;

- саудадағы техникалық кедергілерді алып тастауға;

- отандық өнім экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Осылайша, 30-дан астам қазақстандық өндірушілер БАӘ-ге экспортты жүзеге асырады, олардың 9-ы ресми тізілімге енгізілген тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер болып табылады. Өндірушілер бүгінгі күні елден шықпай-ақ Халал сертификатын ала алады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің БАӘ-ге сапары аясында Қазақстан БАӘ халықаралық аккредиттеу орталығынан Халал өнімдерін сертификаттауды жүргізуге «ҚазСтандартты» аккредиттеу туралы ресми құжат алды.