Оның айтуынша, Заң Мемлекет басшысының азаматтық қоғамды қолдау және волонтерлік қызмет, қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді. Бұл заңға Үкімет тарапынан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бастамашы болды.

«Мәжіліс депутаттары жұмыс тобының жетекшісі ретінде мүдделі мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, волонтерлік және қайырымдылық ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының 22 отырысын өткізді. Заң жобасын әзірлеуге тікелей қатысқан сарапшылар қатысты. Біз үшін барлық пікірлер мен өзгертулерді қамту маңызды болды. Сондықтан да комитеттің қосымша екі отырысы және 11 жұмыс кеңесі өткізілді. Ең бастысы, ұсынылған заңнамалық түзетулер осы салаларды реттеуге, дамытуға және ынталандыруға, оның ішінде қайырымдылықты, Волонтерлік қызметті және азаматтық қоғамның өзін дамытуға бағытталғанын атап өткен жөн», - деді спикер.