01.02.2023 _ 10:33

Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарақастек ауылындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар аяқталды

Қазіргі уақытта 2023 жылғы 31 қаңтарда басталған маты облысы Жамбыл ауданының Қарақастек ауылындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар аяқталды. Өткізілген іс-шаралар барысында Талас өзенінің арнасындағы  мұзды ұсақтау, тазарту, кеңейту, түбін тереңдету, инертті материалдармен нығайту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Осы іс-шара су басудың ықтимал қауіп-қатерін азайтуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта елді мекенді су басу қаупі жоқ. Қарақастек ауылында 700 жеке тұрғын үй бар, онда 4 000-ға жуық адам тұрады.

50-ден астам адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды. Оның құрамында құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бар.