14.10.2020 _ 11:50

Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы эпидемиологиялық ахуал ДСМ қатаң бақылауында

Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы эпидемиологиялық ахуал ДСМ қатаң бақылауында Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы эпидемиологиялық ахуал ДСМ қатаң бақылауында

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Аталған өңірлерде бүгінде ауру жұқтырғандар саны артып отыр.

«Бұл өңірлерде коронавирустың таралуына тест-зерттеулердің көптеп жүргізілуі, халық миграциясы және шекаралық қарым-қатынастар себеп болып отыр. Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы аурушаңдық министрліктің қатаң бақылауына алынды», - деді Ажар Ғиниятқызы.

Оның айтуынша, осы облыстардағы эпидемиологиялық жағдайды одан әрі ушықтырмау мақсатында әрбір ауру шыққан жерде шектеу шаралары күшейтіліп жатыр.