17.03.2021 _ 12:40

Қазақстан мемлекеттік басқарудың «азаматтарға бағдарланған» моделіне көшуде. Басты құндылықтар – азаматтар мен олардың әл-ауқаты

2020 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік жоспарлау жүйесін қайта қарауды тапсырды. Оның аясында қабылданған өзгерістер мен жаңа құжаттар бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте таныстырылды. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, мемлекеттік басқарудың жаңа формациясындағы басты қағидат «азаматтарға бағдарланған» қағидаты болып табылады. Бұл түбегейлі өзгертуді қажет етеді.


«Мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер, цифрландыру сияқты мемлекеттік басқарудың негізгі жүйелерін қарастыра отырып, біз, ең алдымен, мемлекеттік органдарды жаңа экономикалық жаһандық трендтермен, оның ішінде пандемиялық күйзелістермен байланысты жаңа сын-қатерлер шеңберінде бір жағынан мемлекеттік органдардың қандай да бір міндеттерді іске асырудағы жауапкершілігін арттыратын, екінші жағынан, тұтастай алғанда, мемлекетте межеленіп отырған тапсырмаларды іске асырудың тиімділігіне жәрдемдесетін тәсілдерді ұсынуға бағдарладық. Сондықтан біз мемлекеттік басқарудың түбір жүйелерін трансформациялау қажет деген қорытындыға келдік және оларды дәйекті және бірыңғай логика бойынша жүргізу қажет», - деп түсіндірді спикер.


Көшу Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады.