Іске асырылып жатқан 57 жобаның 51 нысан бойынша жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілді. 6 нысанда жұмыстар жалғасуда.
«Атап айтқанда, Ақмола облысында Қалқұтон және Жабай өзендерінің арналарын тазалау, терендету, Солтүстік Қазақстан облысында Прибрежное, Тепличное, Бесколь және Кожевенный ауылдарының қорғаныш бөгеттерінің бетондау жұмыстары жүруде. Нәтижесінде 84 елді мекенді қамтитын, 500 мыңнан астам тұрғыны бар аумақтарда су басу қаупі айтарлықтай төмендетілді. Бұл қабылданған шешімдердің тиімділігін және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстын нақты нәтижесі», – деді вице-министр.
Сонымен қатар Е.Ибрайханов Қ. Сәтбаев атындағы каналды жаңғырту туралы сөз қозғады. Бұл шешім 2024 жылы қабылданды. Оның аясында 2028 жылға дейін 19 сорғы агрегатын ауыстыру жоспарлануда. Осы мақсатта 2025 жылы Қ. Сәтбаев атындағы каналдағы 5 сорғы агрегатын жаңғырту жұмыстары басталды. Жалпы алғанда, 5 агрегат бойынша жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылдың бірінші жартысына жоспарланған. 2025 жылы 56 гидротехникалық құрылысжайда көпфакторлы зерттеп-қараулар жүргізілді.
«2026 жылы «Қазсушар» РМК-ның 139 коммуналдық және 36 республикалық объектісінде көпфакторлы зерттеп-қараулар жүргізу көзделген, бұл 2024 жылғы көрсеткіштерден 2,1 еседен астам және 2025 жылғы көрсеткіштерден 3 есе жоғары. Жалпы, Тұжырымдамаға сәйкес 557 объектіде көпфакторлы зерттеп-қараулар жүргізу жоспарланған», – деді спикер.