25.02.2026 _ 14:40

Қазақстанда су қоймаларын салу және реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

2030 жылға дейін су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасына сәйкес елімізде 42 жаңа су қоймасын салу, 37 су қоймасын және 110 құрылысжайды реконструкциялау, 14,5 мың шақырым каналдарды жаңғырту, сондай-ақ 557 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы зерттеп-қарауды өткізу жоспарланған. Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025 жылы 147 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруда, оның ішінде 53 жоба аяқталды. Бұл туралы ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Атап айтқанда, 677 шақырым ирригациялық жүйелерді жаңғырту, 4 су қоймасын реконструкциялау, 15 топтық су құбырын салу және жөндеу, сондай-ақ 3 құрылысжайды реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. 

ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов 20 су қоймасының құрылысы туралы да хабардар етті.

«Қазіргі таңда жалпы сыйымдылығы 69,1 млн м3 құрайтын Түркістан облысында 2 су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарын биыл аяқтау көзделген. Сондай-ақ 5 су қоймасын салу бойынша жобалар әзірлену үстінде, оның ішінде Абай облысында – Қаракөл және Қарғыба, Батыс Қазақстан облысында – Кіші Өзен, Қарағанды облысында – Садовое, Жетісу облысында – Пакатиловск. Сонымен қоса 5 су қоймасы бойынша жобалар әзірленіп қойды, оның ішінде Ақмола облысында – Есіл контрреттегіші, Жамбыл облысы – Қалғұты және Ақмола, Батыс Қазақстан облысында – Үлкен Өзен, Қызылорда облысында – Қараөзек. Ағымдағы жылы 8 су қоймасы бойынша жобаларды әзірлеу жоспарлануда, оның ішінде Абай облысында – Келдімұрат, Кіші-Буконь, Көктерек және Базар, Шығыс Қазақстан облысында – Кендірлік, Қарабұта, Алибастр», – деді спикер. 

Су қоймаларын реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Су қоймаларын реконструкциялау бойынша 5 жоба әзірленді, оның ішінде Жамбыл облысында – Терс-Ащыбұлақ, Караконыз және Ынталы, Шығыс Қазақстан облысында – Қандысу және Үйдене су қоймалары. 7 облыстағы 13 су қоймасын реконструкциялау бойынша жобаларды әзірлеу жалғасуда. Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 8 су қоймасын реконструкциялау жобаларын әзірлеу жоспарланған. 

Сонымен қатар Тұжырымдамадан тыс 2025 жылы Абай облысындағы Шар су қоймасының, Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының, сондай-ақ Қостанай облысындағы Албарбөгет бөгетінің реконструкциясы аяқталып, пайдалануға берілді.