24.12.2025 _ 12:00

@TazaQazBot чат-ботына 25 мыңнан астам өтінім түсті

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы маңызды элементтердің бірі цифрлық қоғамдық бақылау тетіктерін енгізу болды. 2024 жылдың маусымында ҚР ЭТРМ @TazaQazBot чат-ботын іске қосты. Ол азаматтарға елді мекендерді абаттандыру және санитарлық жағдай бойынша өтініш беруге мүмкіндік береді, яғни фотосурет тіркеуге, нақты мекен жай көрсетуге және мәселені қысқаша сипаттауға болады. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков ОКҚ алаңында осылай деді.

Оның хабарлауынша, барлық өтініш жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі, ал мәселені шешкеннен кейін орындаушылар фотоесеп ұсынады.

«Бүгінге дейін платформа арқылы 25 мыңнан астам өтінім түсті, оның ішінде 23 мың өтінім орындалды, 1660 күшін жойған және 126 өтінім орындауда. Өтініштердің ең көп негізінен аумақтарды тазарту, тұрмыстық қоқысты шығару, көшелерді абаттандыру және жолдарды жөндеу мәселелеріне байланысты болды. Сонымен қатар өтінімдер қанағаттанарлықсыз орындалған жағдайда пайдаланушылар тарапы шағым бере алады – бүгінгі күнге 786 шағым тіркеліп, оның 747-сі орындалды», – деді спикер.

«Таза Қазақстан» бастамасы нақты практикалық шараларды, цифрлық қоғамдық бақылау құралдарын және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысты біріктіреді, бұл экологиялық проблемалардың салдарын ғана емес, олардың туындау себептерін де төмендетуге мүмкіндік береді.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде ғарыштық бақылауды кеңейту, бақылауды цифрландыру, бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту және «Таза Қазақстан» акциялары арқылы жұртшылықты тарту сияқты қабылданып жатқан шаралар рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің санын азайтуға және экологиялық құқық бұзушылықтарға жедел әрі тиімді ден қоюға мүмкіндік береді.