23.12.2025 _ 15:40

Маңғыстаулық құтқарушылар мен тәртіп сақшылары барлық қажетті жабдықтармен қамтылды

Маңғыстау облысында төтенше жағдайлар және қорғаныс саласы қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау үшін мекемелерге арнайы техникалар сатып алынды. Үш ауылда заманауи техникалармен қамтылған 3 жаңа өрт сөндіру орталығы ашылды. 7 ауылда өрт сөндірушілерге арналған модульдік ангар пайдалануға берілді. Бұл жайлы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында айтты.

Сондай-ақ әкім қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына тоқталып өтті.

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамсыз ету мақсатында 29,4 млрд теңге бөлініп, полиция бөлімшелері жабдықтармен қамтамасыз етілді», – деп қорытындылады Н.Қилыбай.