20.03.2023 _ 11:10

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Діни ақпарат беру орталығы ашылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан ашылған Діни ақпарат беру орталығында дін саласының білікті мамандары тәулік бойы барша мұсылман жамағатының қазақ және орыс тілдеріндегі сұрақтарына жауап береді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.

«Егер оразаға, жалпы діни мәселеге қатысты қандай да сұрақтарыңыз болса, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Діни ақпарат беру орталығы ашылғанын тағы да қаперлеріңізге саламыз. Жамағаттың сұрағына дер кезінде жауап беретін орталықтың нөмірі: 8 707 233 30 30. Ұялы байланыс арқылы хабарласып, көкейде жүрген сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Дін саласының білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тілдеріндегі сұрақтарға жауап береді», - деді ол.