20.03.2023 _ 10:30

Қазақстанда жоғары прогрес, оның ішінде сайлау процесінде ілгерілеу байқалады

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Монтасир Абузеид Қазақстанның демократиялық, саяси, экономикалық дамудағы, оның ішінде сайлау процесін ұйымдастырудағы ілгерілеуін атап өтті.

Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың Дуайені сайлауды байқауға бесінші рет қатысып отыр. 


«Біз Қазақстанда болып жатқан саяси, экономикалық реформаларды жүргізуде, сондай-ақ сайлау процесінде айтарлықтай ілгерілеуді байқап отырмыз. Адамдар жақсы көңіл-күймен, қысымсыз дауыс берді, бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Басқа елдерде де осылай болғанын қалаймын. Қазақстанды табысты саяси, экономикалық реформаларды іске асыруымен құттықтаймын, сондай-ақ сайлау сәтті өтсін. Қазақстанға бейбітшілік, тұрақтылық, қауіпсіздік пен өркендеу тілеймін», - деді дипломат.