19.03.2023 _ 20:30

Қоғамдық бақылаушылар коалициясы: бүгін сайлау учаскелерінде күрделі жұмыс атқарылды

«Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы» РҚБ төрағасы Төлеген Құнәділов «Сайлау-2023» онлайн-марафоны барысында ОКҚ алаңында сайлау учаскелерінде күрделі жұмыс атқарған байқаушыларға алғысын білдірді. Оның айтуынша, коалиция байқаушылары 9790 ашық сайлау учаскесінде болып, 2155 байқаушы үй-жайдан тыс дауыс беру рәсімін бақылады.

Спикер барлық өңірлерде ситуациялық орталықтар жұмыс істейтінін еске салды, онда барлық ақпарат нақты уақыт режимінде жиналып, өңделеді және тиісті шешімдер қабылданады. 

«Біздің байқаушылардың айтуынша, бірнеше өңірде бір сайлаушыға бірнеше бюллетень беру әрекеті, отбасы мүшелері үшін дауыс беру әрекеті және дауыс беруге екі адамнан кіру сияқты фактілер тіркелген. Бұл бұзушылықтарға байқаушылар жедел ден қойды. Заңнамаға сәйкес тиісті рәсімдер жүргізілді, сайлау комиссиясының мүшелерін жұмыстан шеттету сияқты шаралар қабылданды. Бұл жұмыс жалғасуда», - деді Т.Құнәділов. 


Бұл ретте қоғамдық бақылаушылар коалициясының басшысы байқаушылардың жауапкершілігіне тоқтала келе, ескертулер нақты фактілерге негізделуге тиіс екенін айтты.

«Интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде ақпарат көп, біз бірден әрекет етіп, байқаушыларымызбен байланысқа шығамыз, бұл жағдайлардың басым бөлігі шындыққа жанаспайды. Әрбір бақылаушы өз ескертулерін тексеруге болатын нақты фактілерге негіздеулуге тиіс», - деді спикер.