19.03.2023 _ 18:00

Литва Республикасының Сеймі Төрағасының орынбасары Юлиус Сабатáускас: Қазақстанда референдумнан кейін демократиялық реформалардың іске асып жатқанына қуаныштымыз

Литвалық халықаралық байқаушы – Сейм төрағасының орынбасары Юлий Сабатаускас бір мандатты округтер бойынша сайланатын кандидаттардың санына таң қалды. Сонымен қатар, «бәріне қарсымын» бағанының енгізілуі де маңызды.

«Сайлаушылар ұнайтын кандидат немесе партия болмаса, бюллетеньдерді бүлдірмейді», - деді ол халықаралық байқаушыларға қолғабыс ету орталығында өткен брифингте.

«Референдумнан кейін Қазақстанда демократиялық реформалар жүзеге асып жатқанына қуаныштымыз. Адамдар өз өкілдерін Парламентке тікелей сайлай алады. Сондай-ақ сайлауға көбірек партиялар қатыса алады, өйткені партияларды тіркеуге қойылатын талаптар бұрынғыдай қатаң емес. Бұл да қуантарлық жайт. Қазақстан Республикасын құттықтаймын», - деді спикер.