06.02.2023 _ 15:00

Ұлттық аккредиттеу орталығы: Қазақстан ұлттық зертханалық базаны дамыту мен жаңғыртуға қадам жасады

Елімізде 1629 аккредиттеу субъектісі жұмыс істейді. Оның ішінде 957 сынақ зертханасы және 74 өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі орган. ОКҚ алаңында өткен брифингте Ұлттық аккредиттеу орталығы Бас директорының м. а. Нұрлан Шоқбарбаев осындай көрсеткіштерді атап өтті.

Оның мәліметінше, былтыр Ұлттық аккредиттеу орталығында жалпы 4108 аккредиттеу жұмыстары жүргізілді. Олар 100 мыңнан астам сәйкестікті растау құжатын берді. 

«Бүгінгі таңда шығарылатын өнімнің кез келген түрінің қолданыстағы сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін мұқият жүргізілген зертханалар сынақтарының негізінде ғана анықтауға болады. Заманауи зертханалық жабдықтар барлық жоспарланған зерттеулер мен талдауларды жылдам және жоғары дәлдікпен жүргізуге, басқарылатын объекті немесе процес туралы қажетті мәліметті алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мемлекет ұлттық зертханалық базаны дамыту мен жаңғыртуға қадам жасады», - деді спикер.