29.11.2022 _ 14:00

Интернет-алаяқтық кең қоғамдық резонанс тудырды. Биыл 18,5 мыңнан аса қылмыс тіркелді

Қазіргі таңда азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемдену қылмыстардың ен көп тараған түрлері болып танылады. Сондықтан алаяқтықтарға қарсы іс-қимыл мәселелері қазір елімізде және бүкіл әлемде орын алып отырған өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді

«Алаяқтар азаматтарды алдау үшін әр түрлі амалдарды қолданады. Сол себептен де, осындай қылмыстардың саны жылдан жылға көбеюде. Цифрлық технологиялардың дамуы оларды пайдалана отырып жасалатын ұрлықтардың өсуіне әкелді. Соңғы уақытта интернет-алаяқтық кең қоғамдық резонанс тудырды. Биыл олардың саны 18,5 мыңнан аса қылмысты құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,5 мыңға төмен. Көбінесе, осындай қылмыстар, тауарларды онлайн-сату жолымен жасалады. Атап айтқанда бұндай әдіспен 6 мың қылмыс жасалған», - деді спикер.