28.11.2022 _ 11:10

Алматыда республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді

Биыл ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениетті қолдау аясында елімізде ірі жобаларды қолға алып жатыр. Атап айтқанда, «Ұмай», «Дала дауысы», Astana Piano Passion сынды игі шаралар өткізілуде. Осының ішінде күй өнері ерекше орын алады. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағаның орынбасары Данияр Алиев республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі туралы айтып берді.

«Министрліктің қолдауымен жүзеге асып жатқан «Шертпе күй» музыкалық фестивалі Алматыда 1-3 желтоқсан аралығында мәресіне жетеді. 16-23 қыркүйек аралығында 16-35 жас аралығындағы күй саласының білікті мамандарынан, жастардан 45 өтініш келіп түсті. Енді соның қорытындысы шығарылады. Бас жүлде - 1 млн теңге. 1-орын иегері – 750 мың теңге, 2-орын – 500 мың теңге, 3-орын - 300 мың теңге алады. Сонымен қатар барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталады», - деді спикер.