02.10.2026 _ 15:37

Айбек Оралбай – Азия ойындарының чемпионы

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Финалдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен кездесіп, жекпе-жек қорытындысы бойынша алтын медаль жеңіп алды. 

Бұл – Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы бокстан екінші алтын жүлдесі.