Экология мәселелері бойынша халықпен жедел кері байланыс орнату үшін «TazaQazBot» Telegram-боты іске қосылды. Сервис «eGov Mobile» қосымшасында да қолжетімді. Ол қоршаған ортаның жай-күйіне қатысты өтініштерді фото және бейнематериалдармен қоса, геолокацияны көрсете отырып жіберуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ЭТРМ Цифрлық трансформация және жобалық басқару департаментінің директоры Данна Оразкалиева мәлімдеді.
Изображение сгенерировано при помощи ИИ
Спикердің айтуынша, жүйе іске қосылғалы бері халықтан 50 мың өтініш түскен. Оның 94%-ы орындалған.
«Бұл – шағымдар мен өтініштерді жедел жіберуге мүмкіндік беретін құрал. Тиісті әкімдік өтінішті қабылдап, жұмыс жүргізеді. Шағым жолдаған азаматтарға бес жұмыс күні ішінде мәселенің шешілгені туралы кері байланыс беріледі», – деп түсіндірді Данна Оразкалиева.