13.09.2026 _ 08:04

Елімізде Отбасы күні атап өтілуде

Қыркүйек айының екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні мерекеленеді.

Отбасы – адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі. Отбасында біз сүйіспеншілік пен қамқорлықты, түсіністік пен қолдауды табамыз. Берекелі әрі тату отбасы – қоғам тұрақтылығы мен ел болашағының берік негізі. Бұл мереке жақын жандарға қамқорлық жасаудың, үлкендерді құрметтеудің, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлудің және отбасылық дәстүрлерді қадірлеп, сақтаудың маңызын еске салады.

Отбасы күні құтты болсын! Әр шаңыраққа амандық, береке-бірлік, бақыт тілейміз.