Сонымен қатар Энергетика министрлігі көмір жеткізілімдерін жасанды интеллект элементтері мен предиктивті талдау құралдарын пайдалана отырып мониторингтеуге арналған Бірыңғай цифрлық платформаны әзірледі.
«Жүйеге 951 теміржол тұйығы мен 586 оператор туралы деректер интеграцияланған. Платформа әрбір теміржол тұйығындағы көмір қорын жөнелтілген сәттен бастап өңірге жеткізілгенге дейінгі қозғалысын нақты уақыт режимінде қадағалауға, сондай-ақ жоспарлы және нақты жеткізілім көлемдерін салыстыруға мүмкіндік береді. Осылайша, отынмен қамтамасыз ету үшін қажетті қор қалыптастырылып, оның өңірлерге жеткізілуі тұрақты бақылауда», – деді спикер.
Жылыту маусымының басталуына дейін энергетикалық кәсіпорындардың жалпы дайындығына кешенді бағалау жүргізіліп жатыр. Әрбір кәсіпорында арнайы комиссия құрылып, белгіленген талаптарға сәйкес дайындықты бағалайды. Қолданыстағы қағидаларға сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы ұйымдардан әзірлік паспортын алуға арналған құжаттарды қабылдау жүріп жатыр.
Алдағы жылыту маусымына қажетті негізгі жабдықтардың дайындығы қамтамасыз етілген. Комитет жөндеу науқанының барысын, энергетикалық нысандардың жай-күйін және өңірлердің дайындығын мониторингтеуді, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорындармен және уәкілетті мемлекеттік органдармен жұмысты үйлестіруді жалғастырады.