08.09.2026 _ 12:05

Қазақстанда Жаңа мамандықтар атласы негізінде 1,9 мың білім беру бағдарламасы жаңартылды

Қазақстанда еңбек нарығының өзгеруін және жаңа кәсіптердің пайда болуын ескере отырып, кадрларды даярлаудың озық жүйесі қалыптасуда, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

20 өңірлік карта әзірленген. Оларда 2 мыңнан астам жаңа мамандық айқындалып, қолданыстағы мамандықтардың трансформациясы көрсетілген. Бұл ретте цифрлық сыңар бойынша және өндірістік процестерде жасанды интеллектіні қолдану бойынша мамандар пайда болуда.

«2026 жылы Жаңа мамандықтар атласы негізінде 1 983 білім беру бағдарламасы жаңартылды, ал 2022 жылы небәрі 7 бағдарлама жаңартылған еді. Білім беру бағдарламалары жасанды интеллектіні ескере отырып өзектендіріледі, микробіліктіліктер мен өндірістік оқыту енгізіледі», – деді ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Қазақстанда экономиканың нақты секторымен әріптестікте кадрларды тәжірибеге бағдарлау арқылы даярлау кеңеюде. Бүгінде 76 жоғары оқу орнының 50 мың студенті 6 мың кәсіпорын базасында дуальды оқытудан өтіп жатыр,